Заң үстемдігі

ҰҚК Шығыс Қазақстан әкімі орынбасарының ұсталғанын растады

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды tiek.kz.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүзеге асырылып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Құзырлы органдар тергеу жалғасып жатқанын және қосымша ақпарат кейін хабарланатынын мәлімдеді.

Жақсылық Омардың нақты қандай күдікке ілінгені әзірге белгісіз. Ол бұл қызметке 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған. Бұған дейін өңір әкімінің кеңесшісі болған. 2018 жылдан 2024 жылға дейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button