Саясат

Алғашқы Атом электр станциясының қалай аталатыны белгілі болды

Қазақстанда еліміздегі алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша өткізілген жалпыхалықтық байқау аяқталды. Нәтижесінде тұрғындар ең көп ұсынған атау – «Балқаш» атом электр станциясы – жеңімпаз деп танылды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады

Байқау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамызда жариялаған тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған. Үздік атауды таңдау eGov Mobile платформасында 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтті.

Байқау қалай өтті?

  • Байқауға 16 жастан асқан 27 157 қазақстандық қатысты.
  • Әр адам бір ғана атау ұсына алды.
  • Жалпы ұсынылған нұсқалар саны — 10 460 (қайталаулар, кирилл–латын әріптеріндегі нұсқалар және мағыналас сөздер ескерілген).
  • Конкурс комиссиясы талқылауға ең көп ұсынылған 100 атауды шығарды.

Нәтижесінде «Балқаш» атауы 882 азаматтың ұсынысымен бірінші орынға шықты.

Сарапшылардың пікірінше, нысанды географиялық ерекшелігі бойынша атау — атом энергетикасында кең таралған халықаралық тәжірибе.


АЭС атауы үш тілде бекітілді

Комиссия нысан атауын үш тілде мынадай түрде қабылдады:

  • Қазақша: «Балқаш» атом электр станциясы
  • Орысша: Атомная электростанция «Балхаш»
  • Ағылшынша: Balkhash Nuclear Power Plant

Жобаға қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар қатысқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button