Саясат

Қазақстанның Дубайдағы консулы Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойғандарға несие алуға кеңес берген

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Дубайдағы консулдың отандастарға елге қайту үшін несие алуға кеңес берген сөзіне қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты дипломатпен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

«Профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мүмкін, эмоциясын ұстай алмаған шығар. Жас қызметкер болғандықтан ойын толық әрі дұрыс жеткізбеген. Шетелдегі дипломаттар мен консулдардың басты міндеті – Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмекті көрсету. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі», – деді Жетібаев.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған сөздер эмоционалдық қысым жағдайында айтылған. Жетібаевтың түсіндіруінше, консулдық қызметкер жас маман болғандықтан өз ойын толық әрі дұрыс жеткізе алмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның Дубайдағы консулының бейнежазбасы тараған еді. Онда дипломат Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойған қазақстандықтарға тұру ақысын төлеу және елге қайту үшін әуе билеттерін сатып алуға қаражат жетпеген жағдайда несие немесе қарыз алуға болатынын айтқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button