Сайлаушылардың 17,96 пайызы дауыс беріп үлгерді
Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 млн-нан астам қазақстандық дауыс берген.

Ел тұрғындарының саяси белсенділігі өте жоғары болып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауға тіркелген сайлаушылардың 17,96%-ы дауыс беріп үлгерді. Яғни 2 млн-нан астамадам өз таңдауын жасап үлгерген.
Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді – 22,91%.
Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 9,96%.
1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.
2. Абай облысы бойынша – 17,35%.
3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.
6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.
Ел бойынша дауыс беру барлық сайлау учаскелерінде жалғасып жатыр.



