Сайлау - 2026
Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс берді

Бүгін Алматыда Құрылтай есімді екінші қала тұрғыны дауыс берді. Құрылтай Мансұров Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Осылайша, бүгін Құрылтай есімді екі алматылық дауыс берді. Бұған дейін Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесінде Құрылтай Сәткенбаев дауыс берген болатын.



