«Жолбарыс, би, робот жетектеген халатты қыз»: ел тұрғындары дауыс беруге айрықша ат салысып жатыр
Тіптен дауыс беруге әлемге әйгілі екі футбол жұлдызы – Месси мен Роналду келіпті деген ақпарат тарады.

Ел тұрғындары дауыс беруге айрықша ат салысып жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.
Мәселен, Астанадағы сайлау учаскесіне ақ халат пен тәпішке киген қыз робот жетектеп дауыс беруге келді. ұжаттарын тексерткеннен кейін оған сайлау бюллетені берілді. Қыз дауыс беруге арналған кабинаға кіріп, өз таңдауын жасады.
Ал адамға ұқсас робот оның бүкіл сапары барысында бірге болып, елордадағы сайлаудың алғашқы таңындағы ерекше көріністің біріне айналды.
Айтпақшы, ол Ол Жаңа конституция және АЭС салу бойынша референдумға да осылай келген екен.
Сол секілді Алматыда Тұран есімді Балқаш жолбарысы келіп дауыс берді деген ақпарат тарады. Ол дауыс беріп болған соң, Жетісу ауданындағы «Айнабұлақ» шағынауданының тұрғындарымен жүздескен.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне дауыс беруге әлемге әйгілі екі футбол жұлдызы – Месси мен Роналду келген. Дауыс беріп болған соң «Месси» мен «Роналду» мектеп ауласында шағын футбол жаттығуын өткізді.

Сол секілді мұндай қызықты оқиғаларға шетелдік отандастарымыз да үн қосып жатыр.
Жапониядағы Цукуба университетінің студенті Әлішер Әзімбаев Құрылтай сайлауында дауыс беруге ұлттық нақыштағы арнайы киіммен барған.
Әлішер бұл әрекеті арқылы халқымыздың тарихи дәстүрі мен жастардың заманауи көзқарасын ұштастырғысы келгенін айттады.

Оның пікірінше, жаңа Құрылтай – халық пен биліктің өзара іс-қимылын нығайтатын, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешетін қазіргі заманғы маңызды саяси институт.



