Сайлау - 2026
Құрылтай сайлауы: шетелдегі сайлау учаскелері ашылып, отандастарымыз дауыс бере бастады

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды.
Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны — 11 402 адам.
«Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де). Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп дауыс бергендер саны — 228 адам», — делінген ОСК хабарламасында.



