Ерлан Карин дауыс берді
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Ол Астанадағы Ұлттық кітапханадағы 129 сайлау учаскесінде дауыс берді.
.Дауыс бергеннен кейін ол бүгінгі саяси науқанның ел үшін маңызына тоқталды.
Бұл сайлау шын мәнінде қатардағы сайлау емес. Әрине, кез келген сайлау науқаны маңызды. Бірақ бұл жолғы сайлауды тарихи оқиға деп айтуға болады. Себебі наурыз айында біз жаңа Конституцияға дауыс бердік. Бірінші кезеңде жаңа Конституция күшіне енді. Ал бүгінгі сайлаудың нәтижесінде жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрамы анықталмақ. Сондықтан бұл – жаңа дәуірдің бастауы, – деді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, Құрылтай жаңа саяси жүйені қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Құрылтай көптеген маңызды саяси және мемлекеттік институттарды қалыптастыруға қатысады, бірқатар лауазымды тұлғаларды бекітеді. Сондықтан Құрылтай жаңа саяси жүйенің құрылуындағы маңызды орган болады, – деді ол.


