Мұстафа Шоқайды арашалаған ақын

Қадірлі оқырмандар, Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бұл мақала бұдан 12 жыл бұрын жазылған еді. Сол жылдарда жас Тәуелсіз қазақ елінің тәуелсіздігін мойындағысы келмейтін шовинист сеператис орыстар ғана емес, өзіміздің аты қазақ, заты, ділі, сенімі орыстанған мәңгүрттер де аз емес болатын.
Олар халқымыздың ардагер көсемі, тұтас түрік идеясын насихаттауды өмірлік мақсат-мұрат етіп, сол жолда шаһит болған Мұстафа Шоқайға жаппаған жаласы, тақпаған саяси айыптары қалмай ұлы тұлғаны ХХІ ғасырдың басына дейін қаралауын қоймады.
Мұстафа Шоқай өнегесін ту етіп көтеру жолында бар қабілеті мен мүмкіндігін пайдалану арқылы көп сериялы «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильм жасап көрермендер назарына ұсынғанда әлгі орыс шовинистері мен мәңгүрт қазақтар өре түрегеліп баспасөзде шу көтерді. Ақын, документалист Қасымхан өзіне жабылған жалаларды жоққа шығарып әділдік талап етіп Өскемен қалалық сотына арызданғанда жылға таяу уақытқа созылған сот процесінің Қаулысы шыққан болатын. Қаулының соңғы өкімі: Обязать редакцию газеты «FLASH» опубликовать опровержение по указанным сведениям.

Взыскать с ответчиков Данилевского Дениса Георгиевича и Макаеева Сергея Николаевича в равных долях в пользу Бегманова Касымхана Сейтхановича в возмещение морального вреда 100 000 (сто тысяч) тенге также судебные расходы по делу — возврат поспошлины в сумме 1618 (тысяча шестьсот восемнадцать) тенге, оплату услуг предоставителя в сумме 100 000 (сто тысяч) тенге.
Постановление может быть обжаловано или опротестовано в кассационную судебную коллегию Восточно-Казахстанского областного суда в течение 15 дней с момента получения.
Судья Смагулов К.Ш.
****
Академик Мәмбет Койгельдиев бастаған алаштанушы тарихшылар мен заңгерлер, кәсіби журналистердің қолдап, қуаттаулары арқылы ардақты Мұстафа Шоқайды жалалы шабуылдардан қорғап, әділет салтанат құрған болатын. Алайда, шовинистер мен оның жандайшаптары орайы келсе аянып қалмайтыны, әсіресе, Путин бастаған диктаторлардың Украинаға жасап жатқан агрессиялық соғыстары тұсында дауыстары қайта шыға бастады. Бүгінгі шиеленіскен геосаяси жағдайда Мұстафа Шоқайдың Алаштық, тұтас түркілік ынтымақтастық идеясын барынша насихаттап, ұрпақты осы рухта тәрбиелеудің қажеттілігі бұрынғыдан да маңызды екенін бар дауыспен айтуға тиіспіз.
Менің қолыма қалам алдырып, осы мақаланы жазуыма түрткі болған «репортер независимый информационный порталда» жарияланған Сергей Михеев дегеннің «Как черное становится белым» дейтін мақаласы еді.
Сергейдің жанын түршіктіріп, санасын сансыратқан «Ақ пен қара» жөніндегі философиялық ұғым-түсінік те, өмірдегі әділдік пен әділетсіздік, дұрыс пен бұрыс та емес, қазақ халқының, тіпті тұтас түрік әлемінің ұлы тұлғасы – ар-намысы, бостандығы мен тәуелсіздігінің қастерлі символына айналған Мұстафа Шоқайдың жағасына жармасып, оны қаралау үшін қолданғаны болатын.
Мұстафа Шоқайды 70 жыл бойы қудалап, жаппаған жаласы, тақпаған айыбы қалмаған қарғыс атқан Кеңестер Одағы келмеске кеткеннен бергі 20 жылда тәуелсіз Қазақ мемлекетінде болып жатқан іргелі өзгерістер мен саяси, мәдени, рухани жаңғырулар, әлемдік қауымдастық бір ауыздан мақұлдап, мойындаған жетістіктеріміз қайдағы бір Михей-Сихейлердің теріс азу бұралқыларына ұнамайды екен деп қарап отыра алмаспыз.
Бұл әлемде ақты қара етіп көрсетуге ұрынушылар қашан да аз болмаған. Бірақ, ақ уақытша қара болып қорланғанмен ең ақырында жарқырай ағарып отырған.
Михеев Сергейдің ардагер Мұстафаның періштедей пәк тұлғасына жапқан жалалары мен жапсырған қараларына бір-бірлеп тойтарыс беру керек деп ұйғардым.
Михеев тілге тиек еткен «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильмнің Алматы қалалық әкімшілігі мен «Қазақ фильм» басшылары өткізген тұсау кесеріне біз де қатынасқанбыз. Алматының зиялы қауым өкілдерінің қызу қарсы алып, қуана құттықтаған жүрек жарды лебіздерін тыңдап қол соққанбыз. 70 жыл бойы НКВД мен Сталин, Ежов, Бериялардың қудалауында қараланған ұлы тұлға туралы тарихи шындықтың бетін аша тұсуге себепкер болатын «Мұстафатану» дәуіріне батыл қадам басуымен ақын Қасымхан Бегмановқа алғыс айтқанбыз.
Ақ пен қараның ара жігін ажыратуда негізгі өлшем – адмның ниеті мен пиғыл-харакеті, ар-ұяты мен адалдығы болса керек. Сергей сенде осылардың бірі де жоқ-ау, сірә. Егер олай бомаса , сен былайша еркінсіп аузыңа келгенді көкімеген болар едің.
Мәселен:
1. Мұстафа Шоқай «… прежде весьма сомнительным личностям ради идеологической перековки населения», деп бастайды Сергей мақаласын. Сонда автордың «Аса күмәнді тұлғаның қандай күмәнді іс-әрекеті болғанын дәлелдейтін дерек көзінің сыйқына қараңыз.
«Представим»… 1945 год. Поверженная Германия. Фильтрационный лагер для военнопленных и пособников фашизма. Смершовец ведет допрос пожилого господина азиатской внешности.» Мінеки, осы азиат пен тергеушінің арасындағы сұрақ-жауап мақаласымақтың жарты көлемін құрайды. Сонда, ол сұрақ-жауаптың Мұстафа Шоқайға қатысты деген тұсына назар аударыңыз. Әлгі азиаттың министр Альфред Розенбергке жазған хаты дегеннен үзіндісі: «…Необходимо организовать из мусульман-советских военнопленных – особую армию. Задачей ее станет свержение Казахстане и Средней Азии Советской власти. Я, Мустафа Шокай готов в случае согласия возглавить это благородное движение.»
Сергей, сен айта қойшы, атын да білмейтін азияттың аузымен айтқызған «Я, Мустафа Шокай готов» деген күмәнді сөзге бола алаш ардагерін қаралауға қалай аузың барды?
***
Одан да сорақысы, 1945-жылға дейін өмір сүре алмай дұспандардың қастаңдығынан қапыда қаза болған Мұстафаның аруағын қорлап «Вот примерно такой допрос мог состоятся в 1945 году. Но не состоялся. По причине смерти… Мустафа Шокай умер 27-декабря 1941 года в Берлине. Через три недели после начала контрнаступления красной армии под Москвой. Возможно, этот факт ускорил кончину, такое потрясение и стресс…» деп оттайды.
Қадірлі отандас бауырларым, ақ ниетті адам баласы, айтыңдаршы: Орыс Михеев тұтас түріктің ардақтысы, фашизмнің қас дұспаны болған Мұстафа Шоқайға неге сонша өшігеді, неге оның рухын қорлап аузына келгенін күйсейді? Сонда Михеев Мұстафа Шоқайдың неміс тұтқын лагерін аралау барысында көрген сұмдықтарына жаны төзбей жазған мына хатынан бейхабар ма еді? Деректі фильмде ол бадырайта жазылып көресетілмеп пе еді? Ақыл-есі дұрыс, ар-ұяты бар ет жүректі адам Мұстафаның басын бәйгеге тіге, ашу-ызаға толы мына сөзін қан жылай отырып оқымауы, ұлы қайраткердің рухына бас имеуі мүмкін бе?
«Сіздер, немістер өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар, егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көргендерім болса, онда мен сендерге де тұтқындардың шеккен азабын тілеймін. Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, ХІІІ ғасырда Шыңғысханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуларыңызға хақыларыңыз жоқ.»
Осы хатпен танысқан SS офицерінің «Пікірлеріңді өте тура айтыпсың. Мұның артықтау емес пе» дегенде еш тартынбастан: «Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер де разымын. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен көрі өлгенім артық. Бұл қорқынышты жағдайлардан соң өмір сүргім келмейді»,- деп жауап хат жазады.
Бұл үзінділер «Қайнар» баспасынан 2007 жылы шыққан Мұстафа Шоқайдың үш томдығынан, Мұстафаның сүйікті жары Мария Яковленаның «Менің Мұстафам» атты естелігінен алынып отыр. Қазақтың ұлы перзентінің алып жүрегі қайдағы бір «Потрясеня мен стрестен емес, осындай ұлы қасіретке төзе алмай тоқтап еді десек жөн болар.
Сергей мырзаның қазаққа, күллі түрік адамының сөзіне сірә сенбесін, тіпті «троицасына» құлай беріле салмасын білсек те, өзінің қандасы, орыс сващеннигі Яков Горина мен Анастасия Корзинкиноның қызы Мария Яковленаның Мұстафадай ақ некелі адал жарының адал сөзіне күмәні бола қоймас деп дәмеленіміз.
Аю тоңмойындыққа ұрынғанның өзінде, сүйікті анамыз Мария Яковленаның ағынан ақтарыла жазған мына жүрек сөзіне қарсы айтар уәж таба алмасына кәміл сенеміз.
«С Мустафой Чокаем мы прожили 23 года совместной супружеской жизни. Это была тяжелая, но счастливая пора. В эмиграции нам приходилось играть самые разные, порой непривычные для нас, роли. Бог миловал нас: низкие роли клеветников и подхалимов мы никогда не играли. Наша совесть чиста.»
Михеев сияқтыларға бұл аз көрінсе Мария Яковлевна марқұмның бұ дүниеден өтер алдында Әлім Алматов ақсақалға айтқан мына бір жалынды сәлемін де келтіре кеткеннің артықтығы болмас:
«Сен жассың ғой, бәлкім жақсы-жарқын күндерге аман-сау жетіп те қаларсың, солай бола қалған күнде Мұстафаның отандастарына айта бар, ол ешқашан да өз халқының жауы болған емес, ол өзінің бар болмысын ұлтының азаттығы жолындағы күреске арнап өтті.»
***
Михеев ешбір негізсіз жаптым жаламен «Прежде весьма сомнитительный личность» деп қаралаған Мұстафа Шоқайдың нағыз адами һәм саяси бет-бейнесі, тарихтағы орны осылай нақтыланса керек. Ақ ешқашан қара бола алмайды.
Сергей мырза, сенің өз халқыңның өткені мен бүгіні жөніндегі ұғым-түсінігің де, білім-білігің де тіпті, саяси сауатың да өте төмен, орыс держимордасынан бір қадам ілгерілемеген бейшаралығыңды көріп жаным ашыды. Сен өзі кешегі «халықтар түрмесі» атанған патшалық Ресейдің, отаршыл орыс самодержавиясының жоқтаушысы екеніңді мойындайсың ба? Міңгірлемей ашық айта бер.
Мұстафа Шоқайдың балалық шағын еске алған мына бір жалынды сөзі Михейдің баласына жақпай қалыпты:
«Мы хлестали плетками по этим столбам, пролеженным русскими переселенцами, наивно надеясь, что до русского царя дойдет боль за причиненные русской колонизаторской экспансией страдание моего народа.» Сөйтіп «…судьбоносный пролог всей жизни пламенного борца за независимость, а вместе с тем и фильма, определился с самой начале – по направлению борьба с русской колонизаторской политикой и ее последствиями» деп азаткердің ақ дидарына қарабояқ шашқысы келеді.
Сергейдің қазақ қоғамы мен қазақ тарихы жөніндегі сауаты кешегі кеңестік тоталитарлық жүйе қалыптастырған ұлы орыс шовинизмі деңгейіндегі надан қалпынан өзгермеген. Ол Мұстафаның оқу, білім іздеп орыс қалаларына бару ниетіне күйе жаққысы келіп, оның бай, ақ сүйек отбасынан шыққандығын айыптап: «…Мустафа привык с детства чувствовать собственное привилегированное положение в обществе, застрявшем в феодально-робовладельческой формации, и не мог не понимать, что с присоединением края к России прежная бесконтрольная власть над народом для правящей верхушки ханство постепенно будет сужаться» деп кешегі шовинисть тарихшылар мен тап күресіне табынушы коммунистер жазып берген оқулықтар тілімен Мұстафа Шоқайды айыптаудан ұялмайды.
Білгішсінген Михеев орыстардың 1860 жылға дейінгі нағыз құлдық қоғам деңгейіндегі крепостнойлық самодержавиялық түнектен шыққанын ұмытқаны ма? Қазақ қоғамы ешқашан еуропалық және славяндық құлдық қоғамды бастан кешірген емес. Нағыз далалық демократияға негізделген өркениетті заңдар мен дәстүрлерді қастерлеген исламдық-түріктік ашық қоғам үлгісінде өмір сүргенін білгісі келмейді.
Ал, «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылған» дейтін сандырақты тәуелсіз Қазақстанның 20-жылдығын қарсы алып жатқан бүгінгі таңда қайталап жату тіпті де заңсыздық әрі барып тұрған арсыздық қой. Оған қалай бей-жай қарап отыра бермекпіз?
Осы арада қазақ елінің суын ішіп, нанын жеп отырып, түз тағысынша орманға қарап ұлып тұрған Сергей Михеевке мынадай сұрақ қоя ой өрбітудің реті келген сияқты.
Мұстафа Шоқай өмірін зерттеп-зерделеген адамдарға талайдан бері таныс бір атышулы № 145 дело деген бар, ол 1926-жылы Восточным отделом ПП ОГПУ Казахской ССР жағынан арнайы ұйымдастырылған FRANCE деп аталған сыртқы барлауға қаратылған операциялық жоспар болатын. Ол 1941 жылға дейін үздіксіз жүргізіліп отырған. Бұл іске байланысты НКВД жансыздары Мұстафа Шоқайшыларға қарсы нелер жазбады дейсің. Бұдан басқа 1972 жылы Серік Шәкібаев дейтін КГБ полковнигі жазып, орысша жариялаған «Үлкен Түркістанның күйреуі» (Падение «Большого Туркестана») дейтін құжатты повесті арқылы Мұстафа Шоқайды жексұрын етіп көрсетуга барын салған.
Сергей Михеев қаруланған тарихи-саяси білім негіздерінің сыйқы осымен шектелсе керек. Ал, 1989 жылдан бергі қазақ тілінде жазылып жарияланған том-том зерттеулер мен Мұстафа Шоқайдың өзі жазған бес томдық мақалалар топтамасы мен Мария Яковлевнаның естеліктері жөнінде Сергейдің мүлде сауатсыз екені айдан-анық.
Егер де Кеңес өкіметі тұсында Мұстафа Шоқайға таңылған айыптаулар мен қылмыстық істердің сыйпатын Михеевше қабылдар болсақ, ол большевиктердің ұлттық саясатын лағнаттайтын кері үгіт жүргізуші, шетел тыңшысы, сондай-ақ «Түркістан легионын» ұйымдастырып, басқарушы Вермахтың адамы болып шығады. Ал, Мұстафа өмірбаянының нақты шындығын мойындаған адам, оның Кеңестік отаршылдықты қатігездікпен жүргізген большевиктердің ұлы орыстық шовинизмнің батыл әрі аса сенімді ғылыми дәлелдермен әшкерелеп, айыптаушы жалынды күрескер, ұлы түркістан идеясына бастан-ақыр адал болған ұлт патриоты екеніне көз жеткізеді.
Сергей мырза, сен Мұстафа Шоқайдың мына бір жалынды сөзін қалай қабылдар екенсің?
«Сталин мен Гитлердің екеуі де залымдар. Мен осылардың қайсысы күш алып құтырынар екен дегенге бас қатырудамын. Олар саясатта да, озбырлықта да (коварство) бір-бірінен қалыспайды. Бірі — нацист, бірі – марксист. Егер олар күш біріктіріп, әлемді билеп-төстеуді ойлар болса, онда бүкіл дүние қанға бөккен болар еді. Бүкіл халықтар атасы мен неміс ұлтының атасы арасындағы достық дегенің уақытша ғана бірдеңе.»
Өз халқының тәуелсіздігі жолындағы аяспас, ымырасыз күрес жолын таңдаған Мұстафа Шоқай сол тұста Еуропада өмір сүріп жатқан орыс эмигранттарынша Гитлерді қолдап, есебін түгендеуіне де болар еді. Қытайларша айтқанда «ақ мысық, қара мысықтың қайсысы тышқан аулап берсе, сонысы жақсы мысық» деуге Мұстафаның ары бармайды. Большевизм мен нацизмнің арасында таңдау болмайды.
Ендеше ардақты Мұстафа Шоқайды шовинистер қандай дәлел, қай айыппен шетел агенті немесе «Түркістан легионын» ұйымдастырушы етіп шығармақшы? НКВД – КГБ мен С.Шәкібаевшілдер 70 жыл бойы дәлелдей алмаған жалалы делоны Михеевшілдер қалай дәлелдемекші? Данышпан халық айтпақшы, «Аққа құдай жақ, ит үреді, керуен көшеді.» Пілге үрген кандендер болған, бола да береді…
Михеевшілдердің есіне мына бір айдай ақиқатты да сала кеткіміз келеді. Мұстафа Шоқай тек өз халқының, тұтас түрік дүниесінің жалынды патриоты ғана емес, құдайы көрші орыс елімен тең дәрежелі достық қарым-қатынас орнатуды армандаған үлкен жүректі адам еді. Ол былай деп жазады: « Думаю, что каждый должен отдавать себе отчет в том, что может дать безоглядная вражда к одной и столь же безоглядная дружба с другой страной. Я знаю одно: безоглядная вражда к России была бы для нас политикой неблагоразумной. С какой –то Россией мы должны как-то дружить. Это, конечно, не значит, что мы отказываемся от борьбы за национальную свободу. Особенно это нужно помнить в Туркестане, который еще политический неорганизован.»
Біздің Мұстафа данамыз осылай ағынан ақтарылады. Ал, Михеев сияқты тоңмойын шовинистер ешбір ұялмастан Мұстафа Шоқайды да, оның тар жол – тайғақ кешулі өмір жолымен жүріп өтіп тамаша құжатты фильм ұсынған талантты, ұқыпты документалист Қасымхан Бегмановты қаралап фильмде: «И ни слова опресловутом «Туркестанском легионе», одним из идейных руководителей которого был, с убедительной доказательностью сего факта, Мустафа Шокай»,- деп одан бетер өршеленеді.
Ендеше, шешінген судан тайынбайды, Михеев мырза, сен қолыңда бар «убедительной доказательстволарыңды» баспасөзге жариялап өзіңді көрсетерсің. Құр бопса – далбаса ғана ғой.
Бұл күндері Қазақстанда да, Ресейдің өзінде де Михеевшілдер (кешегі Солженицын мен Жириновскишілдердің қазаққа, түрік халықтарына өшпенділік пен ұлтаралық жаңжал ұрығын себушілер) аз емес. Юри Алябьев, И.Н.Михеев, М.Акимов т.б. орыс шовинистері соңғы кездері тіпті құтырына шабуылға көшкені баспасөзден белгілі. Олар Қазақстанның әлем мойындаған тәуелсіздігін, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқын, оның мемлекеттік тілін мүлде мойындағысы келмейді.
Сергей Михеев мақаласымағының «Эпилог и резюме» деп аталатын соңғы бөлігінде былай деп шабаланады: «Автор фильма на протяжении всей ленты пытаются прикрыться солидным мнением как можно большего количества различного рода специалистов –Шокаевидов. Перед зрителями мелкают доморощенные историки, журналисты, родсвенники, потомки белоэмигрантов и даже такой представитель антисоветизма, которому посчастливилось участвовать в похоронах СССР, как Эдвард Шевернадзе, впрочем настоящего пиара не получилось, по причине отсутствия в нем, действительно авторитетных персонажей и специалистов.»
Қадірлі оқырман қауым, мынау Михейдің көзін шел басқан Сергейі не деп оттап кетті? Қазақтың аса көрнекті тарихшысы, алаштанушы, шоқайтанушы профессор Мәмбет Қойгелдиев бастаған бетке ұстар ғалымдары «көрермендердің алдында жылтыңдаған қолбала – тұрпайы тобыр» болып көрінгені ме? Ал, қанды қол большевиктер орнатқан қызыл террордың тамұқ мекені — Кеңестер одағына қарсы күрескендер, қызыл террор құрбандары ХХІ ғасырдың осы жылдарында тағы да «антисоветизм» айыбымен қаралануы керек па? Одан да сорақысы, аса көрнекті грузин қайраткері Эдвард Шевернадзені «СССР ді жерлеуге қатысу бақытына ие болған антисоветшілдер өкілі деп кекете масқаралағысы келгені еді.
Сергей Михеев, сонда сен өзі кімсің? Келмеске кеткен қарғыс атқан Кеңестер одағын жақтаушы, қорғаушы неме болсаң мына біздің қасиетті, тәуелсіз қазақ мемлекетінде, оның азаматы болып қайдан сандалып жүрсің? Сен іздеп фильмнен кездестіре алмай қойған нағыз «авторитетных и влиятельных персонажей и специалистов» дегендерің кімдер еді? Әлде, қара ниет Ежов, Берия, Шәкібаев, В.А.Крючков, Андроповтардың, Горбачев пен Язовтың құбыжық елесін іздеп жүрген бейбақтың бірі боларсың.
Сергейді сергелдеңге түсірген ең басты бас ауру «Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильімінің халыққа әсіресе, Қазақстан жастарына ететін қайдағы бір «кері» әсері болса керек. Ол былай деп көлгірсиді: «Фильм для кого? Конечно же расчет делался на неискушенную в исторических тонкостях публику и прежде всего молодеж, которые в силу своей легковерностей и некритического доверия к пропагандистским матерялам, польно могут удовлитворится показанным и расказанным на экране. На этот эффект и делается расчет современными идеологами. Так в сознание молодого поколения входит искаженная порой до авсолютной не логичности, история собственного народа.»
Біз Сергейдің бықсық ойларын жарнамалау үшін емес, парасатты оқырмандардың ойланып, толғануына, һәм арандатушы автордың түпкі мақсатын толық танып білуіне жағдай жасау үшін осылайша ұзақ үзінді беруге мәжбүр болдық. Біздің бүгінгі өскелең ұрпағымыз Сергей қорашсына сөз еткендей не болса соған сене салатын, ысылмаған бос белбеу, бошалаң, ашық ауыздар емес екенін сеніммен айта аламыз. Бүгінгі тәуелсіз қазақ елі өзінің 20 жылдық мерейлі тойын лайықты тойлау бағдарламасы аясында ұлттық, мемлекеттік тарихымыздағы ақтаңдақтардың орнын толтыруға бұрмаланған, қараланған Алашорда тарихын қалпына келтіруге бар күшін салып жатқанда, біздің мемлекеттік идеологиямызды табандылықпен жүргізіп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішұлы бастаған идеология қызметкерлерінің жарқын істеріне көлеңке түсіргісі келетін Михеев сияқты арандатушылардың жымысқы әрекеттеріне дер кезінде тойтарыс беріп отыру қажет-ақ.
Михеевтер не деп міңгірлесе, міңгірлей берсін. «Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильмі үлкен жолға шығып қойды. Алда оны мәңгілік сапар күтіп тұр. Таяу арада Астанада, Көкшетау мен Қызылорда, Шымкент қалаларында «Тұсау кесер» салтанаты өтуі жоспарланып отыр. Михеев шошына алаңдағанындай одан әрі ұлан-байтақ қазақ жерін шарлап халқымен қауышпақшы. Сонымен бірге мектеп пен жоғары оқу орындары шәкірттерінің көрнекі құралдары қатарына еніп, Қазақстан жастарының жүрегіне бұрмаланбаған, қараланудан мүлде құтылған нағыз Мұстафа Шоқай образы орнарына кәміл сенеміз.
Мұстафа Шоқай рухын қастерлеп, ол жүріп өткен сегіз мемлекеттің архиві мен мұражайын тінте ақтарып, халқына осыншама бағалы мәдени, рухани азық сыйлаған бауырымыз — Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, көрнекті ақын, журналист Қасымхан Бегмановты осынау абыройлы еңбегімен құттықтауды жөн көрдік.
Мен ендігі сөзді орыстың ұлы перзенті, езілген халықтардың шын жанашыры Петр Николаевич Чаадаевтың (1794-1856) сөзімен тиянақтағым келеді. П.Н.Чаадаев менің отандастарыма қарата «Құлдықтан қорынбаған халық шіріп өлсе – сауап» деп қатаң ескерту жасап тұрғандай. Ал, самодержавие мен тоталитарлық Кеңес өкіметін аңсаушыларға қарата «Өзіңді анық-танық көрмек үшін не істемек керек? Өзіңе өзгенің көзімен қарамақ керек» екенін ескерте келе Сергей Михеевтерге былай деп үн қатып тұрғандай.
«…Сізге, сіздерге қояр сауалым бар. Біздің ақылмандар, абыздар, ойшылдар қайда? Біз үшін кезінде ойлағандар, біз үшін дәл қазір ойлап жүргендер қайда? Ой шоршиды – бір жағымыз Қытай, бір жағымыз – Германия, Батыс пен Шығысты тел еме тұра біз рухани табиғаттың терең бір тылсымдарын ашуға, тануға, игеруге керек едік. Бірақ, бұл рол біздің пешенеге жазылмаған болып шықты. Ұлаң-ғайыр тарихтың тауқыметі мен тәжірибесі бізге зәредей әсер қылмаған болып шықты. Ықылымдар, ғасырлар, ұрпақтар легі біз үшін бос өткен болып шықты.
Қайран қаласың: Біз ғалам үшін оңған бір, оңтайлы бір дәріс-сабақ бермеппіз. Адамзаттық идеяға, адам санасының прогресіне үлес қоспақ түгіл, сол прогрестің қайсы бір жемістерін, жеңістерін кемтар етіппіз. Қоғамдық аренада тірлік кешкелі бері біздің отанның топырағында бір де бір пайдалы ой бүршік жармапты, ешбір ақиық ақиқат бой көтермепті. Біз өзіміз ойға кенде болған соң, өзгелердің ойының сырт жалтылы мен шен-шекпенге құмар құштарлығын ғана алыппыз.
… Россия хақында ойға қалғанда, Россия – Руссия болғалы бері жеке адамның зорлығы мен зомбылығына құмбыл болған еді. … Россия бүкіл адамзат мойындайтын заңдарды, шарттарды, жарғыларды жұла тартып, бұра тартып, өзінің мұрат-мақсатарына жұмсайды, әсіресе өзімен қапталдас-жапсарлас өзгелерге құлдықтың қамытын кигізуді мақсұт тұтады. Бұл орайда өзінің де өзгелердің игілігі үшін де Россияны тізеге салған жөн, оған ізгілік пен ізеттің құбыласын нұсқаған жөн.»
Қадірлі оқырман қауым, бұған алып-қосарларыңыз болса бірлікте ізденіп ақылға қонымды, пайдалы ойлармен бөлісуге дайынбыз.
Әлімғазы Дәулетхан
2012 жыл. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Мен білетін Қасымхан Бегманов 68 жылдық саналы ғұмырын ұлтқа, мемлекетке қасиетті поэзияның мәртебесін асқақтатуға арнаған санаулы ақындардың бірі әрі бірегейі. Ол не жазса да көзі жетіп, көңілі сенген ақиқатты жеріне жеткізе оқырманын иландыра, шабыттандыра алатын. Оқырмандар назарына ұсынылған «Қүланиек, құба таң» жыр жинағы ақын Қасымхан Бегмановтың бүгінгі қазақ поэзиясындағы ең таңдаулы, ең мәртебелі орынға лайық екенін тағы бір рет дәлелдегендей болды. Мен бұл ретте ол туралы емес, осыдан 14 жыл бұрын жас Тәуелсіз қазақ елінің тәуелсіздігін мойындағысы келмейтін шовинист сеператис орыстар ғана емес, өзіміздің аты қазақ, заты ділі, сенімі орыстанған мәңгүрттер де аз емес болатын.
Қадірлі оқырмандар, содан бергі 14 жылдағы шиеленіскен геосаяси жағдайларды назарларыңызға тағы бір рет ұсынуды мақсат етіп, сол тұста жазылған «Ақ – аққа құдай жақ» атты мақаламды ұсыну арқылы ақын-азамат Қасымханның Мұстафа Шоқайдай тұтас түріктің ұлы көсеміне жабылған жаладан қалай арашалап алғанына көз жеткізу үшін қайта жариялауды жөн көрдім.
Ал, Қасымханның аса көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф ғалымы Жағда Бабалықовтың Қасымхан екеуімізге Аманат етіп қалдырған 56 папкалық бай мұрасын насихаттау жолында арнайы ұйымдастырған «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми экспедициясының нәтижесі ретінде 2017 жылы «Баспа» баспасынан шығарған 4 томдық зерттеулер жинағы халқымыздың рухани қамбасына құйылған жауһар мұрасы екенін ерекше атап өткіміз келді.
Ал, 2025 жылы «Балауса» баспасынан жарық көрген «Жағда Бабалықұлы» 6-томдық этнографиялық шығармалар жинағын дайындауға белсене ат салысып, оның алғашқы Бірінші томына Алғысөз жазып, өзінің жүрекжарды лебізін жеткізген еді.
Бүгінгі таңда сөз танитын, сөз қадірін білетін әрі сол сөз иесінің қадір-қасиетін де жоғары бағалап, баспасөзде алғыстарын айтып жатқан тілеулес, ниеттес, мақсаттас алаш азаматтарына рахмет айта отырып, мен де халқымыздың мақтанышына айналған Қасымхан бауырымның туған күнін құттықтай отырып, оған қасиетті аталары Мұстафа Шоқай мен Жағда Бабалықұлының әруағы жар болып «Құланиек, құла таңның» мәртебелі сыйлыққа қол жеткізетініне кәміл сенемін.
Әлімғазы Дәулетхан
ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
04.08.2026 жыл.



