Саясат
Тренд

«Трамптың арнайы шақыруымен»: Тоқаев Америкадағы G20 саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне қатысады. 

Жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 14-15 желтоқсан күндері Майами маңында өтпек. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған беделді жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен бармақшы. Қазақстан G20 ұйымына ресми мүше мемлекет саналмағанымен, америкалық тарап елімізді шақырылған қатысушылардың тізіміне қосқан.

Алдағы алқалы жиынға дайындық барысын Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур өзара талқылады. Сыртқы саясат ведомствосы таратқан ақпаратқа сүйенсек, екі тарап саммиттің күн тәртібін нақтылап, пысықтау жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға келісті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button