Қостанай облысындағы Арқалық әуежайына халықаралық IATA — AYK коды берілді.
Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Үш әріптен тұратын кодты Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы 12 тамызда ресми түрде бекіткен.
Енді Арқалық әуежайын әлемдік әуе билеттерін брондау және рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне және азаматтық авиацияның басқа да ақпараттық жүйелеріне біріктіруге мүмкіндік бар.
Әуежай 1998 жылдан бері пайдаланылмаған.
2025 жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайды қалпына келтіруді тапсырған.



