Әлем

Трамп Ираннан өтемақы талап етіп жатыр

Қақтығыс кезінде қаза тапқан және жараланған америкалықтарға, сондай-ақ Ирандағы наразылықтарда қаза болған адамдардың отбасыларына өтемақы төле деп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның соғыс кезінде келтірілген шығынды өтеу туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Адырна сайты. 

Ол Тегераннан да өтемақы талап етті.

8 тамызда Иранның жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохаммад Бакер Золкадр АҚШ-тан Иран порттарына қойылған теңіз блокадасын алып тастауды, санкцияларды жоюды, бұғатталған активтерді босатуды және соғыс салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап еткен. Оның айтуынша, Вашингтон саясатын өзгертпейінше, Иран Ормуз бұғазын ашпайды.

10 тамызда Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи да АҚШ-тан «заңсыз және қиратушы әрекеттері» үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Бұған жауап ретінде Трамп Ираннан америкалықтарға келтірілген шығын үшін өтемақы талап ететінін мәлімдеді. Ол бұл мәселені болашақ келіссөздерге міндетті түрде енгізуді тапсырғанын айтты.

Трамптың сөзінше, өтемақы Иранның түрлі қақтығыстар кезінде қаза тапқан және жараланған америкалықтарға, сондай-ақ Ирандағы наразылықтарда қаза болған адамдардың отбасыларына қатысты болуы тиіс.

АҚШ президенті бұл талаптарды өзінің Truth Social парақшасында жариялады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button