Әлем

Путин елден кеткен ресейліктердің мүлкін тәркілейтін заңға қол қойды

Заңгерлер мен құқық қорғаушылар бұл құжатты "іс жүзінде азаматтықтан айыратын заң" деп бағалады.

Ресей президенті Владимир Путин елден кеткен және саяси астары бар айыптар тағылып сырттай сотталған я әкімшілік жауапқа тартылған ресейліктердің құқығын шектейтін заңға қол қойды.

Құжат 4 тамыздан бастап күшіне енді.

Жаңа заң бойынша мұндай азаматтардың шетелдік паспорт алу, «Мемлекеттік қызметтер» порталын пайдалану, Ресейдегі мүлкі мен қаржысына иелік ету құқығы шектеледі.

Сондай-ақ олар консулдық қызметтердің басым бөлігін пайдалана алмайды, ал банк шоттары мен мүлкі бұғатталады.

Шектеулер Ресей армиясының «беделіне нұқсан келтірген», Ресейге қарсы санкция салуға шақырған, аумақ тұтастығына қол сұғуға бағытталған іс-әрекет жасаған деп айыпталған, «шетел агенттері» мен «қалаусыз ұйымдар» тізіміне алынған азаматтарға да қолданылады.

Заңгерлер мен құқық қорғаушылар бұл құжатты «іс жүзінде азаматтықтан айыратын заң» деп бағалады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button