Экономика
Тренд

Wildberries Астана мен Алматыдан 46 000 шаршы метр жерді жалға алды

Wildberries компаниясы дрон шабуылынан кейін Қазақстаннан қойма іздеп жатыр деген ақпарат рас болып шықты. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталмыш компанияның 46 000 шаршы метр қойма алаңын жалға алып отырғанын хабарлады.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, компания қазір шамамен 46 000 шаршы метр қойма алаңын жалға алады. Дегенмен логистикалық кешендер салу жоспарлары өзгеріссіз қалады. 2027 жылдың бірінші тоқсанында Wildberries жалпы ауданы шамамен 260 000 шаршы метр болатын қоймалар ашуды жоспарлап отыр – Астанада 160 000 шаршы метр және Алматыда 100 000 шаршы метр.

Министр компанияның қосымша кеңістік іздеуі туралы ақпарат жалпыға қолжетімді екенін, бірақ қоймаларды жалға алу бизнес арасындағы коммерциялық қарым-қатынас мәселесі екенін және мемлекеттік органдардың мақұлдауын қажет етпейтінін атап өтті.
Ол министрлікке бұл мәселе бойынша ешқандай ресми сұраныстар түспегенін қосты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button