Сайлау - 2026
Тренд

«Әділет» партиясы Маңғыстауда өңірдің өзекті мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлердегі жұмысын жалғастырып жатыр. Түркістан облысынан кейін Құрылтай депутаттығына кандидаттар Маңғыстау облысына барып, мұнайлы өлкенің халқымен кездесті.

Ақтаудағы жұмыс сапары Достық үйінде өткен кездесуден басталды. Жиында делегация мүшелері қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, педагогтер, дәрігерлер, экологтар және жастармен пікір алмасты.

Кездесуде жұмыспен қамту, медициналық көмектің қолжетімділігі, ұялы байланыс сапасы, халықты әлеуметтік қолдау және өңірді дамыту мәселелері талқыланды.

Республикалық штаб өкілдерінің айтуынша, кездесуде көтерілген мәселелерді шешу жолдары партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасына енген.

«Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты – заманауи, әділетті әрі қуатты Қазақстан құруға бағытталған. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін «Әділет» партиясы негізгі бағыттарды қамтитын кешенді жоспар әзірледі», – деді «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.

Партия төрағасының орынбасары Рауан Кенжеханұлы тұрғын үй жағдайын жақсарту, ауылдарды дамыту және азаматтарға тең мүмкіндік жасауға бағытталған бастамаларды таныстырды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Аят Сүгірбай партияның әлеуметтік саясат, отбасы институтын қолдау және балалар құқығын қорғау бағытындағы басымдықтарына тоқталды.

«Біз әлеуметтік көмек әділ болуы керек деп есептейміз. Ол адамды масылдыққа итермелемеуі керек. Керісінше, аяғына нық тұрып, еңбек етіп, қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасауы тиіс», – деді Аят Сүгірбай.

Тұрғындармен кездесуден кейін республикалық штаб мүшелері өңірдегі ірі кәсіпорындарды аралады.

«ҚазАзот» АҚ ұжымымен өткен кездесуде кандидаттар еңбек қауіпсіздігі, өндірісті жаңғырту және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Республикалық штабтың келесі кездесуі Ақтау халықаралық теңіз сауда портында өтті. Оған порт ұжымы, балық шаруашылығы саласы мен теңіз сервисі ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, отандық жүк тасымалдаушыларды қолдау және порт инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды. Партия өкілдері Ақтау порты Қазақстанның Еуразиядағы жетекші логистикалық орталықтардың біріне айналуына жол ашатын стратегиялық нысан екенін атап өтті.

Ақтау қаласындағы жүздесулерден соң республикалық штаб Жаңаөзен қаласына жол тартты. Онда кандидаттар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары Ақтау қаласының амфитеатрында өтетін «ӘDILET EVENT» қоғамдық-мәдени акциясымен қорытындыланады.

 

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді
Back to top button