Саясат
Тренд

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді

Бұған дейін Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуды ұсынған еді.

Кремль Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей–Украина қақтығысын уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин Омбыдағы кездесуде Тоқаевқа Украинадағы жағдай жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берген.

Песковтың сөзінше, Ресей қазіргі жағдайда қақтығысты уақытша тоқтату мүмкін емес деп санайды, өйткені бұл Украина ұстанымына да байланысты. Оның айтуынша, Мәскеу үшін басты шарт – өз мақсаттарына қол жеткізу.

«Әскери әрекеттерді тоқтатудың шарттары түсінікті. Егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, барлығы тәулік соңына дейін тоқтауы мүмкін», – деді Песков.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді. Ол жасалған барлық ұсыныстар мен шақыруларға қарамастан, мен делдал болудан үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button