Мәдениет

“Ұзатып жатырмыз, жұғысты болсын”: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі туған бауырының қызы Ақеркені ұзату тойынан кадрлар жариялап, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

“Бүгін Бағдат бауырымның туған күнінде кенже қызын ұзатып жатырмыз, ғұмырлы бол бауырым!

Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button