«Араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын»: Тоқаев Украинадағы соғысты уақытша доғаруды ұсынды

Тоқаев Украинадағы соғысты уақытша доғаруды ұсынды, деп хабарлады Азаттық радиосы.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей басшысымен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды.
“Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, болып жатқан жағдай қарсыластарға тиімді және оларды қуантпауы мүмкін емес. Ресейдің де, Украина мемлекетінің де” деді ол.
Қазақстан президентінің айтуынша, оған “Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатыр”. Ол сонымен бірге “бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де” деді. Тоқаевтың сөзінше, мысалы Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстың ұзақ әрі түсінікті қисыны бар.
“Аляскада барынша дипломатиялық икемділік танытқаныңызды білеміз. [Бұл] менің қарапайым пікірім. Бәлкім, қақтығысты уақытша доғарып, стамбұлдық 2.0 формуласына оралған жөн шығар. Әрине, АҚШ сияқты алып державалардың кепілдігімен. Мен араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын” деді Тоқаев.
Ал Путин Тоқаевты Украина бойынша істердің барысы туралы хабардар етіп отыруға уәде берді.



