Әлем

Сәбиін сатып, Түркияға көшпек болған

Қаржылық қиындыққа тап болған әйел күйеуіне несиелерін өтеу және Түркияға көшу мақсатында балаларын сатуға бел буған.

Өзбекстанда өдерінің бірнеше айлық ұлын сатуға әрекеттенген жас ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Astana_sergek парақшасы.

Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыс жасалған кезде әйел 19 жаста, ер адам шамамен 20 жаста болған. Ал олардың сәбиі небәрі бірнеше айлық болған.

Тергеу барысында отбасының жұмыссыз қалып, баспанасыз қалғаны анықталған. Қаржылық қиындыққа тап болған әйел күйеуіне несиелерін өтеу және Түркияға көшу мақсатында балаларын сатуға бел буған.

Сот олардың әрекетін адам саудасы бабы бойынша саралап, екеуін де кінәлі деп таныды. Нәтижесінде ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал сәбидің алдағы тағдырын әлеуметтік қорғау органдары шешетін болады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button