Саясат

ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын жеті партияның тізімін қабылдап алды

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы елде ресми тіркелген жеті саяси партияның бәрінен Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар тізімін тіркеуге қабылдап алды, деп хабарлайды tiek.kz.

Сонымен, 23 тамызға белгіленген сайлауда Құрылтайдағы 145 орын үшін жеті партиядан 546 үміткер тіркеліп отыр:

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 63;

«Ауыл» партиясы – 69;

«Әділет» партиясы – 186;

«Байтақ» жасылдар партиясы – 47;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33;

Қазақстан халық партиясы – 72;

Respublica партиясы – 76 кандидат.

ОСК жеті партия ұсынған тізімдегі кандидаттардың Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сай келуін және барлық партиялық тізімдерде әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін міндетті 30 пайыздық квота сақталғанын тексереді.

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

22 тамыз — «тыныштық күні» кез келген үгіт-насихат жұмысына тыйым салынады.

23 тамызда сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатқан кезде де үгіт материалдарын таратуға болмайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button