Саясат
Тренд

Құрылтай сайлауына жеті партиядан 546 кандидат тіркелді

Құрылтай депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, белгіленген мерзімге дейін 7 саяси партия партиялық тізімдерін ұсынып, барлығы 546 кандидат тіркеуге құжат тапсырды.

Олардың ішінде

«Әділет» партиясы – 186,

Respublica партиясы – 76,

Қазақстан халық партиясы – 72,

«Ауыл» партиясы – 69,

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 63,

«Байтақ» жасылдар партиясы – 47,

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 кандидат ұсынды.

Қазір ұсынылған құжаттар Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкестігі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр.

Партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button