Мәдениет

«Мафия айналшықтап, көкелер қырындай бастады»: Қамаудан шыққан блогер Жузефина тағы бір сұмдықтың шетін шығарды

Таяуда ғана он тәулікке қамауға алынған блогер Жузефина бостандыққа шыққан соң, қазіргі басқаша жағдайға тап болғанын айтып видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, ел ішінде Жузефина деген атпен танылған Жұлдыз Жауынбаева өз әкесін зорлады деп айыптап, сонымен қатар тікелей эфирде жасаған заңға қайшы әрекеттері үшін он тәулікке қамалған болатын. Жақындары Жузефинаны өтірік айтты деп шағымданғаны да бар.

Қамау мерзімі аяқталып, үйіне келген Жузефина: «Бұрын маған журналист, блогер, бизнесмендер қырындайтын еді.

Қамаудан шыққалы бері маған мафия адамдары мен шіренген үлкен көкелер қырындайтын болыпты. Соған қарағанда, менің дәрежем өскен сияқты», — деді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button