Қоғам

«Президент түбегейлі өзгерістер жасауды тапсырды»: Ринат Зайыт жаңа қызметке тағайындалды

Мен өзім жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адаммын. Сондықтан бұл қызметке қуана-қуана келдім.

Айтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы қызметіне келіп жатыр. Бұл туралы Ринат Зайыттың өзі  Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл қызметке қазан айының басында келген. Жаңа қызметке келуіне қорғаныс саласында басталған реформалар да әсер еткен.

«Осы қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Бұл орталыққа әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Жалпы, әскердегі және әскерге дейінгі жастардың патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен айналысады. Соңғы жағдайлардан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс саласында түбегейлі өзгерістер жасауды тапсырды. Бұл реформалар басталды. Мен өзім жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адаммын. Сондықтан бұл қызметке қуана-қуана келдім. Сол реформаның кішкентай болса да бір бөлшегіне атсалыссам деген арманмен келдім», – деді Ринат Зайыт.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button