Әлем

Әйел төрт жасар ұлының қолын қуырып жеген

Қайғылы оқиға 4 шілде күні болған.

Аустралияда 32 жастағы әйел төрт жасар ұлының өліміне қатысты ауыр қылмысты мойындады, деп хабарлады News.com.au басылымы. 

Қайғылы оқиға 4 шілде күні болған. Мәліметке сүйенсек, әйел полиция бөлімшесіне өзі барып, ұлына қатысты қылмыс жасағанын айтқан. Кейін баланың денесі Орталық жағалаудағы Уайонг қаласындағы үйден табылды.

Тергеу барысында баланың денесінен ауыр жарақаттар анықталған. Құқық қорғау органдары әйелдің қылмыс жасағаннан кейін баланың дене мүшесіне қатысты адам шошырлық әрекетке баруы мүмкін екенін тексеріп жатыр.

Сот шешімімен күдіктіден сілекей, қан және тырнақ үлгілері мәжбүрлі түрде алынатын болды. Бұл сараптама оның тергеу кезінде айтқан сөздерінің рас-өтірігін анықтау үшін жүргізіледі.

Әділет департаменті аталған отбасының бұған дейін де полиция назарына іліккенін растады. Дегенмен тәртіп сақшылары соңғы рет олардың үйіне тұрмыстық жағдайға байланысты шағым бойынша шамамен 18 ай бұрын барғаны айтылды.

Қазір министрдің тапсырмасымен бұл оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тәуелсіз тексеріс жүргізілмек.

 kznews.kz 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button