Әлем
Тренд

«Әскери бүлік жасаймыз»: Ресейде командирлер Путинге қарсы шыға бастады

Желіде Судоплатов атындағы еріктілер батальонының барлау бөлімшесінің бұрынғы командирі Александр Луниннің Ресей президенті Владимир Путиннің атына жолдаған бейнеүндеуі тарап жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.

Өз үндеуінде ол ресейлік сарбаздардың майдан даласында зорлық-зомбылыққа ұшырап, «ақымақ, өзін-өзі ажалға айдаумен тең бұйрықтарды» орындаудан және «қаржылай қаражаттарын беруден» бас тартқаны үшін командирлер тарапынан сан түрлі қорлық көріп жатқанын айтады.

«Егер жақын арада мен Кремльге келіп, сіздің қасыңызда тікелей эфирде шықпасам, армия қаруын Кремльге қарай бағыттайды», — деп мәлімдеді. Яғни Путинмен тікелей эфирде сөйлесуге мүмкіндік берілмесе, әскери бүлік шығуы мүмкін екенін ескерткен.

Әскери қызметкердің үндеуі миллиондаған қаралым жинап, үлкен қолдауға ие болып жатыр.

Басқа бір видеосында әскери қызметкер Кремльде Путинмен кездесіп, оған «бірде-бір шенеунік айтпайтын шынайы шындықты», атап айтқанда: «жергілікті шенеуніктер мен жалдамалылардың тарапынан СВО (Ресейдің Украинаға қарсы соғысы) ардагерлеріне де, қарапайым азаматтарға да қатысты жасап отырған бассыздықтары туралы» айтқысы келетінін жеткізген.

«Агентство. Новости» басылымы өз қызметкерлерінің Лунинге телефон арқылы хабарласқанын жазды. Журналистермен әңгімелесу барысында ол түрлі платформаларда жеке арналарын жүргізетінін және майдандағы таныстарынан әскерилердің жағдайы туралы көптеген мәліметтер мен видеолар алатынын айтқан.

Сондай-ақ басылым «Маған өте көп хабарламалар, видеоүндеулер жібереді. Мен оларды жариялауға да қорқамын, өйткені ол жерде сұмдық кадрлар бар», — деген сөзін келтіреді. Айтуынша, Лунин бұл жайттарды жеке Путинге көрсетпек.

Сондай-ақ, ол 24 маусымда Воронеж облысының Лизиновка ауылында онымен үш адам кездескенін айтады: «Біреуі — Қорғаныс министрлігінен, екіншісі — ІІМ-нен. Үшіншісі де қандай да бір қызметтен, бірақ ол да Қорғаныс министрлігіне қарасты».

Луниннің уәжінше, олар одан осы видеоны жазып, президентке жеткізуді талап еткен: «егер бұлай жалғаса берсе, бізде толықтай сұмдық жағдай (трэш) болады…».

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button