Әлем
Тренд

Соғыс аяқталды: АҚШ пен Иран келісімге қол қойды

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан екі ел арасындағы әскери қақтығысты тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік меморандумына (MOU) қол қойды, деп хабарлайды tiek.kz.

Францияның Версаль сарайында өткен G7 саммиті аясында Трамп құжатқа өз тарапынан қол қойғанын нақтылады.

Бұл келісім соңғы айлардағы шиеленісті бәсеңдетіп, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Келісімнің негізгі шарттары мен талаптары мынадай:

Әскери қимылдарды тоқтату: Құжатқа қол қойылған сәттен бастап барлық фронттарда, соның ішінде Ливандағы қақтығыстар да дереу және біржолата тоқтатылады.

Ормуз бұғазын ашу: Жаһандық мұнай саудасының күре тамыры саналатын Ормуз бұғазы коммерциялық кемелер үшін қайта ашылады. Иран бұғаздағы әскери және техникалық кедергілерді (миналарды) тазалауға міндеттелді.

Теңіз блокадасын алу: АҚШ Иранға қарсы енгізілген теңіз блокадасын 30 күн ішінде толықтай тоқтатады.

Ядролық бағдарламаны шектеу: Иран ядролық қару жасаудан және оны иемденуден бас тартатынын қайта мәлімдеді. Алдағы 60 күн ішінде тараптар Иранның байытылған уран қорын не істеу керектігін талқылап, түпкілікті мәмілеге келуі тиіс.

Экономикалық қолдау және санкциялар: АҚШ Иранның мұнай экспортына рұқсат беріп, бұғатталған қаржылық активтерін босатуға уәде берді. Егер Иран ядролық міндеттемелерін толық орындаса, АҚШ аймақтық серіктестерімен бірге Иран экономикасын қайта қалыпқа келтіру үшін 300 миллиард долларлық даму қорын құруды жоспарлап отыр.

 «Құжатқа қол қойылды. Мен оған Версальда қол қойдым. Әлем кемелері, қозғалтқыштарыңызды қосыңыздар, мұнай тасымалы басталсын! Бірақ егер Иран өз міндеттемелерін орындамаса, біз соққыларды қайта бастаймыз», — деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button