Әлем
Тренд

Армениядағы парламенттік сайлауда Пашиняннің партиясы жеңіске жетті

Никол Пашинян өзінің «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 7 маусым күні кешке өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады«Азаттық» радиосының армян қызметі.

Пашинян «Азаматтық келісім» партиясы 2021 жылмен салыстырғанда «Армения Республикасы азаматтарының көбірек дауысына және көбірек азаматтың сенім мандатына» ие болғанын айтты.

«Бұл — Армения Республикасының мәңгілігі мен дамуын біржолата қамтамасыз ететін тарихи жеңіс, әрі бізде, әрине, ұзақ мерзімді және институционалдық бейбітшілік орнайды», – деді ол.

Журналистің «Барлық сайлау учаскелерінен нәтижелер әлі толық шықпағандықтан, бұл мәлімдемеңіз күмән тудырмай ма?» деген сұрағына Пашинян өз партиясының «барлық сайлау учаскелерінде өкілдері бар» екенін және партияның «өз есептеулерін» жүргізіп жатқанын алға тартты.

Сайлау Пашинянның ЕО-мен жақындасу бағытына байланысты Мәскеу тарапынан Ереванға қысымның күшеюі аясында өтіп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button