Интим видеосы арқылы танылған Хан тамада қамауға алынды

Халыққа «Хан Тамада» деген атпен танылған шоумен Қасым Өтешев он тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады tiek.kz.
Toppress басылымының хабарлауынша, ол азаматтық некедегі жұбайына жақындауға және оны қорлауға тыйым салған нұсқаманы бұзған.
Мамыр айының ортасында полиция қызметкерлері шоуменге қатысты арнайы қорғау ұйғарымын шығарып, оған әйелі Алмаға жақындауға және онымен байланысқа шығуға тыйым салған болатын. Алайда, бірнеше күннен кейін Өтешев бұл шектеуді елемей, әйелінің үйіне барып, тыныштығын бұзған.
Куәгерлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында эмоционалды жанжал шығып, азаматтық некедегі күйеуі құрбысының көзінше оны “ит”, “мал” деп, балағат сөздермен қорлаған. Сот отырысында куәгер бұл сөздерді растаған.
Нәтижесінде сот ер адамды қорғау ұйғарымының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Айта кетейік, оның жазалануына желіде бұған дейін талқыланған шулы жанжал емес, нақты бекітілген заңдық шектеулерді бұзуы себеп болған.
Қамау мерзімі 2026 жылғы 22 мамырдан бастап есептеледі. Оған 21 мамыр кешінен бері ұсталған уақыты да қосылады. Сот қаулысы 2 маусымда заңды күшіне енді.



