Мәдениет
Тренд

Мақпал Жүнісова II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Мақпал Жүнісова II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады. Президент өз сөзінде Мақпал Жүнісованың қазақ өнеріндегі орнына ерекше тоқталды.

«Бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі “Барыс” орденін тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қуанышты жаңалығын бөліскен.

«Құрметті менің тыңдармандарым, туысқандарым! Мемлекет басшысы II дәрежелі “Барыс” орденін маған бүгін табыстады. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі атақ иегері болып жатқаныма өте қуаныштымын! Баршаңызға осындай марапат бұйырсын», – деп атап өткен әншінің өзі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button