Мәдениет

«Бейіт басында ән айтпаған қазақ едік»: Зарина Омаровағаның басы дауға қалды 

Танымал әнші Зарина Омарова апасының бейітінің басында ән айтып, желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі бейнежазбаны Instagram-парақшасына жариялаған. Видеода ол бейіт басында «Анашым» әнін орындаған.

«Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым», – деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі оның бұл әрекетін түсінбей, сын пікірлерін жаудырған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button