Саясат

Қазақстан мен Түркия ANKA дрондарын бірлесіп өндіретін болды

Қазақстан мен Түркия ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және техникалық қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Астана қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған қатысуымен қол қойылған.

ANKA — Түркияның Türk Havacılık ve Uzay Sanayii компаниясы әзірлеген ұшқышсыз ұшу аппараттарының отбасы. Олар Түркия қарулы күштерінде де қолданылады.

Жоба аясында Қазақстанда дрондарды құрастыру, қызмет көрсету және технологиялық ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button