Бауыржан Байбек төраға болды
Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек біраз үзілістен кейін жаңа қызметке кіріскен сыңайлы, деп хабарлады tiek.kz порталы.
БАҚ беттерінде Байбек мырза Qazaq Kaolin компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.
Компанияның ресми сайтындағы ақпаратта Бауыржан Байбектің бұл қызметке 2025 жылғы 15 желтоқсанда кіріскен деп көрсетілген.
Бауыржан Байбек 2022 жылдың ақпан айында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз қалауымен кеткен еді. Кейін ол Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, білімін толықтырып, шетелдік инвестиция тарту саласында жұмыс істеген.
Кейін оның Жапонияға қоныс аударғаны, Қазақстанға жапон технологиясы мен капиталын тартуға бағытталған жобалармен айналысып жүр деген ақпарат тараған.



