«Камзол дауы»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы төлейтін болды

Баян Алагөзова «Қыз Жібек» рөлін сомдаған Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге төлемек. Жақында желіде қызу талқыланған «қамзол дауынан» кейін белгілі продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешоваға арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды tiek.kz.
Баян ханым өз үндеуінде актрисаға арнайы шапан жауып, қомақты сыйақы тағайындауды жоспарлап отырғанын айтқан.
Өмірінің соңына дейін өзінің және жарының атынан Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 миллион теңге төлеп тұруға уәде берді.
Келесі жылы өтетін «Қазақ Аруы» байқауына құрметті қонақ ретінде шақырды.
Баян Алагөзова бұл қадамын еліміздегі еңбегі еленбей, ұмыт қалған өнер адамдарына қолдау көрсетудің бір үлгісі ретінде түсіндірді. Ол өзге де қалталы азаматтарды осындай игі іске үлес қосуға шақырды.



