Заң үстемдігі

Ең кішісі 12 жаста:  Алматыда 7 және 9-сыныпта оқитын үш оқушы қамауға алынды

Алматыда үш оқушы қыз есірткі жасырды деген күдікпен қолға түсті деген ақпарат тарады.

Бәрі де мектеп оқушылары. Бас прокуратураның мәліметінше, олардың жасы небәрі 12, 14 және 15-те. 7 және 9-сыныпта оқитын оқушылар.

«Алматы қаласында есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және оларды жасырын орындарға тығып кетті деген күдікпен 15, 14 және 12 жастағы үш қыз бала ұсталды. Олар 7 және 9-сынып оқушылары. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», — деп хабарлады Бас прокуратура.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button