Қоғам

ҚАЗҰУ-ДЕГІ СТУДЕНТ ӨЛІМІ: ПРОРЕКТОР МЕН ДЕКАН ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент өлімінен кейін проректор мен факультет деканы қызметінен босатылды.

Университеттің ресми мәлімдемесіне сәйкес, әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы тәрбие жұмысындағы кемшіліктер және жатақханадағы қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін қызметінен кеткен.

Оқиға болған күні кезекшілікте тұрған жауапты қызметкерлер де жұмыстан шеттетілді. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Университет барлық жатақханада кешкі бақылауды күшейтіп, студенттерге психологиялық көмек көрсету шараларын енгізді.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button