Мәдениет

«Баяндарды қолдап, мені «оңбаған» дейсіңдер»: Тұрсынбек елге ренішін білдірді (ВИДЕО)

Әзілкештің сөзінше, ажырасқаннан кейін қайта тұрмыс құрған әйелдерге жұртшылық түсіністікпен қараса, екінші рет отбасын құрған ер азаматтар сынға жиі ұшырайды.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші рет шаңырақ көтеруіне байланысты айтылған сын-пікірлерге әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл тақырыпты сахнада қалжыңға айналдырып, қоғамдағы екіұдай көзқарасқа назар аударды.

Әзілкештің сөзінше, ажырасқаннан кейін қайта тұрмыс құрған әйелдерге жұртшылық түсіністікпен қараса, екінші рет отбасын құрған ер азаматтар сынға жиі ұшырайды.

«Баянды қалай қолдадыңыздар! Мысалы, мен қазір әйелімді сахнаға шығарып, той көйлегін кигізейінші. Елдің бәрі мені Қазақстаннан қуып жіберуді ұсынады», – деді ол.

Осылайша Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты қоғамның көзқарасын әзілмен жеткізіп, көрермендерді күлдірді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button