Қоғам

ҚТЖ компаниясы 9,4 миллиард теңгеге костюм сатып алмақ

Ұлттық компания жалпы құны 9,4 миллиард теңгеге жуық костюм сатып алуға тендер жариялаған, деп хабарлады Stan.kz.

Сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, ҚТЖ жалпы саны 285 264 жиынтық арнайы жұмыс киімін алуды жоспарлаған. Олар теміржол қызметкерлерін суықтан, судан, өндірістік ластанудан және механикалық әсерден қорғауға арналған. Сатып алудың жалпы құны 9 384 208 816 теңге. Есеп бойынша бір жиынтықтың орташа бағасы шамамен 32,9 мың теңгеден айналады. Киімдерді еліміздің бірнеше қаласына жеткізу қарастырылған.

Сатып алу ашық тендер арқылы жүргізілген. Тендерге қатысуға өтінімдер 2-13 қараша аралығында қабылданған.

ҚТЖ
Фото: zakup.sk.kz
ЛОТ
Фото: zakup.sk.kz

Әзірге сатып алу қорытындысы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button