Қоғам
Тренд

«Тергеуге көмектесуге дайынбыз»: Қазақстан темір жолы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Компания құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуге және тергеуге қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін хабарлады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания өкілдері бұған дейін көпшілікке жарияланған мәліметтерден басқа, істің мән-жайы туралы қосымша ақпараттары жоқ екенін атап өтті.

Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабында көзделген шектеулерге байланысты сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайды. Сондықтан компания бұл кезеңде қосымша түсініктеме бере алмайтынын жеткізді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button