АҚШ-тағы сайлау: демократтар көш бастап келеді
Конгресс сайлауының нәтижесін мойындайтынын және Демократиялық партиямен әріптестікке дайын екенін мәлімдеді.

АҚШ-та 3 қарашада өткен Конгреске аралық сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі бастады. Алдын ала қорытынды бойынша, демократтар ондаған сайлау округінде көш бастап тұр. Бұған дейін мұнда республикашылдар басымдыққа ие болған.
Осылайша, демократтарға Өкілдер палатасында басымдыққа ие болуы мүмкін және Сенатты да бақылауға алу мүмкіндігі туып тұр.
CNN жазуынша, сайлаудың нәтижесі президент Дональд Трамптың алдағы екі жылдағы саясатына елеулі әсер етуі мүмкін.
CNN болжамы бойынша, Флорида штатында Өкілдер палатасының республикашылдар қайта бөлуге күш салған кемінде үш орны демократтарға өтуі ықтимал. Солтүстік Каролинада бұрынғы губернатор Рой Купер сенат сайлауында жеңіске жетіп, демократтар ұзақ уақыт бойы ала алмай келген орынға ие болды. Ал Джорджия штатында сенатор Джон Оссофф қайта сайланып, бұл орын демократтарда қалмақ.
“Америка дауысының” жазуынша, дегенмен республикашылдар Сенаттағы бұрынғы сенаторлар қызметінен кеткеннен кейін бос қалған бірнеше орынды сақтап қалды. Уайоминг штатында республикашыл Харриет Хейгеман, Кентуккиде Энди Барр, ал Оклахомада Кевин Херн жеңіске жетті. Бұл үш орын да бұған дейін Республикалық партияға тиесілі болған.
Ал демократтар Сенаттағы бос қалған екі орынды сақтап қалды. Иллинойс штатында демократ Джулиана Стрэттон, Нью-Гэмпширде Крис Паппас жеңіске жетті.
Сайлау қарсаңында республикашылдар Конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие еді. Өкілдер палатасында олар – 218 орынды, ал Сенатта 53 орынды иеленген. Демократтарға Өкілдер палатасында басымдыққа ие болу үшін кемінде үш, Сенатта төрт орын қосып алу қажет.
АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times басылымына берген сұхбатында егер демократтар жеңіске жетсе, Конгресс сайлауының нәтижесін мойындайтынын және Демократиялық партиямен әріптестікке дайын екенін мәлімдеді.
“Демократтармен бірлесе жұмыс істейміз. Мұндай ынтымақтастыққа қуана кірісеміз. Ортақ бір шешімін табармыз деп ойлаймын” деді Трамп.
Бұған дейін ол демократтар жеңіске жеткен жағдайда, олардың заңнамалық бастамаларына тосқауыл қойып, «вето қоюдың шеберіне» айналуы мүмкін екенін айтқан еді.
Дерек көз: Азаттық радиосы



