Қоғам

Журналист Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеевті Берік Уәлиден үлгі алуға шақырды

Облыс әкімі Берік Уәлидің өзі қатысып, жүрекжарды лебізін айтты.

ҚАРАШӨКЕЕВ БЕРІК УӘЛИДЕН НЕГЕ ҮЛГІ АЛМАЙДЫ?
Биыл белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдінің 80 жас мерейтойы. Қазақтың арғы-бергі тарихын зерттеген ғалымның мерейтойын туған жері Жамбыл облысы елеусіз қалдырмасын деп жылдың басынан бері әкімдік қызметкерлеріне айтып жүрміз. Бірақ Әулиеата әкімдігінде Мәмбет Қойгелдінің қадыр-қасиетін түсінетін адам жоқ секілді. Әйтпесе баспасөз хатшысы Жанғазы Ахметтен бастап, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке дейін талай рет айттық.
Маусым айында Тараз қаласына барғанда сол кездегі әкімнің орынбасары, қазір құрылтай депутаты болып кеткен Әбілқайыр Тамабекке тарихшының мерейтойын жеткізген ем. Ол бір күннен кейін әкімге мәселені жеткізгенін, тарихшының меретойы аталып өтілетінін ескертті. Әкім құлақтанғаннан кейін бұл мәселе шешілген екен ғой деп мәз болып жүргенмін. Бірақ жылдың аяқталуына небәрі 2 ай қалса да әкімдік жақтан көңіл қуанатын жаңалық болмай тұр.
Қазан айында Семей қаласында белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 75 жасына орай халықаралық конференция өтті. Конференцияға облыс әкімі Берік Уәлидің өзі қатысып, жүрекжарды лебізін айтты.
Ербол Шырақбайұлы халықаралық конференция тұрмақ, 30 адамның басын қоса алмай, пұшайман болып жүр. Жамбыл облысының әкімі Абай облысы әкімінен неге үлгі алмайды?

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button