Қоғам

Жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылады

Келесі жылдан бастап Қазақстанда жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгермек.

Қазақстанда жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылатын болды. 

Сервис eGov қосымшасы арқылы істейді. Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, SMS-хабарламалардан кейін 200-ден астам қазақстандық жәрдемақыға мұқтаж емес екенін мәлімдеп, төлемдерден бас тартуға дайын екенін білдірген. Осыдан кейін ауқатты азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жәрдемақыдан онлайн бас тартуға мүмкіндік беретін сервис әзірленген.

Келесі жылдан бастап Қазақстанда жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгермек. Оған сәйкес, отбасының әл-ауқат деңгейі ескерілмек.

Егер жәрдемақы алуға үміткер адамның отбасы ауқатты деп танылса, ол мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button