Ресейдің бас консулдығы Рэпер Navai-дың ұсталуына байланысты Қазақстан нота жолдады
Ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Көлігінен есірткі табылған.

Жамбыл облысында ресейлік рэпер Navai ұсталғаннан кейін Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік Риа Новости ақпарат агенттігі хабарлады.
Дипломаттардың айтуынша, олар оқиғаны ақпарат құралдарынан білген, Қазақстан билігінен ресми ескерту алмаған.
Ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық полициясының хабарлауынша, оның көлігінен есірткі табылған. Рэпер есірткі контрабандасы күдігіне ілініп отыр.
15 қазанда сот оны екі айға қамауға рұқсат берген. Адвокаттары шешімге шағым түсірді. Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі керек болған концерті өтпей қалды.
Концерттің басталуына төрт сағат қалған кезде ғана шара кейінге шегерілген.
Азаттық радиосы



