Қоғам
Жол үстіндегі жүгенсіздік: Түркістан облысында трассада төбелескендер қамауға алынды

Түркістан облысында автожолда болған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысы бар деген күдікпен үш адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру мен жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері жан-жақты анықталуда.
Полиция ескертеді:
жол үстіндегі жүгенсіздік пен бұзақылыққа жол берілмейді! Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекетке құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады.



