Әлем
Ыстамбұлды топан су басты

Ыстамбұлда үздіксіз жауған нөсердің арты тасқынға ұласты. Тасқын ағызып әкеткен 14 жастағы жасөспірім опат болды.
Қалада 1277 су басу дерегі мен 15 жер көшкіні тіркелген.
800-ден астам үй мен 300-ге жуық ғимаратқа су кірген.
Тасқын көліктерге дейін ағызып әкетіп, жол қозғалысын қиындатты. Кей аудандарда кептеліс деңгейі 90 пайызға дейін жеткен. Қазір адам өлімі бойынша тергеу басталды.
Апат салдарын жоюға 8 мыңға жуық маман мен 2 мың арнайы техника жұмылдырылған.
Қолайсыз күн райына байланысты бүгін қала мектептерінде сабақ тоқтады.
Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр



