Спорт
Тренд
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Бұл – бокстан түскен алғашқы алтын.

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшымыз Төрехан Сабырхан алтын медаль жеңіп алды.
Ол 70 келі салмақта, шешуші бәсекеде иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездесті.
Төрехан жекпе-жекті сенімді бастап, бірінші раундта-ақ төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды. Екінші үш минуттықта да Төрехан басымдығын бермеді. Бұл раундта Иордания өкілінің есебінен бір ұпай шегерілді.
Осылайша, кездесудің соңына дейін артықшылығын сақтаған Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Бұған дейін Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдесін алған болатын.



