Қоғам

«Маған поқ…»: «Назарбаев» көшесін қорлаған блогер зар жылап қалды

Желіде «Mini Knopka» лақап атымен белгілі блогер Әйгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазақша атауына қатысты дөрекі әрі былапыт жазба жариялап, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Блогер әлемжелідегі парақшасында Алматыдағы «Достық», «Наурызбай батыр», «Желтоқсан» сынды көше атауларын менсінбей, қаланың «нағыз тұрғындары» тек кеңестік Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов атауларын қолданатынын айтқан. Мұнымен қоймай, қарсы пікір білдірген оқырмандарға боғауыз сөздер жаудырып, арсыз қимыл көрсеткен.

Бұған Eurasian Fashion Week халықаралық сән апталығының ұйымдастырушылары бірден реакция білдірді. Ұйым ресми мәлімдеме жасап, блогердің ұстанымын қолдамайтындарын және оны барлық жарнамалық материалдардан біржола алып тастайтындарын жеткізді.

«Біз блогердің жеке парақшасында жарияланған пікіріне ешқандай қатысымыз жоқ екенін және оның ұстанымын мүлде бөліспейтінімізді хабарлаймыз. Ол біздің жобаның барлық жарнамалық өнімдерінен өшіріледі», — деп мәлімдеді Eurasian Fashion Week өкілдері Threads желісінде.

Шыны керек, бұл ма, бұл қазақ қоғамында соңғы кезде нақты көрініс таба бастаған этикалық әрі мәдени кәнселингтің (cancel culture) нақты мысалы. Тәуелсіздікке, ұлттық қадір-қасиетке және құрбандардың рухына тіл тигізіп хайп жасаудың бағасы кәсіби бедел мен жарнамалық келісімшарттардан қағылу болуы тиіс.

Айта кетелік, желі қолданушылары аталған блогердің әрекетін ұлтараздықты қоздыру және тарихи жадты мазақ ету деп бағалап, құқық қорғау органдарын да назар аударуға шақырып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button