Мәдениет

Белгілі журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Қазақстандық танымал тележүргізуші әрі журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті.
Қаралы хабарды тележүргізуші Санди Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Біз 7-арнада бірге жұмыс істедік. Индира өте мейірімді, жауапкершілігі мол және үнемі күліп жүретін ақжарқын қыз еді… Өз жұмысына берілген мықты журналист еді. Бір кездері редакцияда, эфирде, жұмыста бірге жүрген өте жас әріптесім туралы мұндай жаңалықты есту өте ауыр… Иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды тележүргізуші.
Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.
Индира Жылқайдарова журналистика саласында ұзақ жыл еңбек етіп, «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» қызмет атқарған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button