Заң үстемдігі

Батыс Қазақстанда заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамауға алынды

Батыс Қазақстанда заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамауға алынды.

ЖБО камераларын зерделеу кезінде Ақсай қаласындағы ғимараттардың бірінің қоршауына жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны Александр Александров болып шықты.

Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Заңсыз жазу жойылды.

Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. “Заң мен тәртіп» қағидаты — баршаға ортақ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button