Қоғам

Фейк: Маңғыстауда тағы бір сарбаз қаза тапты деген қауесет тарады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Құзырлы органдар бұл мәліметтің ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tiek.kz.

Соңғы күндері Маңғыстау өңірінде болған қайғылы оқиғалар аясында қоғамда түрлі негізсіз ақпараттар тарай бастаған. Алайда, еліміздің басты күштік құрылымдары бұл жолғы қауесеттің жалған екенін кесіп айтты.

Қай ведомстволар ақпаратты теріске шығарды?

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына берген ресми жауаптарында мына органдар әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәліметті растамады:

  • ҚР Ішкі істер министрлігі;

  • ҚР Ұлттық ұланы;

  • ҚР ҰҚК Шекара қызметі;

  • ҚР Қорғаныс министрлігі.

Заңмен жазаланады

Осыған байланысты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын дүрбелеңге салынбауға және ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Дәйексіз әрі жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін», – деп қатаң ескертті орталық мамандары.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button