Алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға жүлде толық төленеді
Аяқкиім үлгісі World Athletics бекіткен тізімде болмағаны анықталып, нәтижесі жойылды.

Федерация жеңіл атлетикадан Азия ойындарында нәтижесі аяқкиімге қатысты талапқа байланысты жойылған Ясмина Тоқсанбаеваға барлық тиісті жүлде ақшасын толық төлейтінін мәлімдеді.
Қаражат спортшының нәтижесіне қатысты наразылық пен шағымның қорытындысына қарамастан, федерацияның өз қаражаты есебінен беріледі.
Ясмина жиырма кеше Жапонияда өткен Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жеткен. Алайда жарыстан кейін оның аяқкиім үлгісі World Athletics бекіткен тізімде болмағаны анықталып, нәтижесі жойылды.
Федерация бұл шешімге наразылық білдіріп, шағым жолдаған. Ұйымның мәліметінше, спортшы жарыс алдында аяқкиімін тексерткен және стартқа шығуға рұқсат алған. Аяқкиімнің бренді рұқсат етілген тізімде болғанымен, нақты үлгісі тізімге енгізілмеген.
Федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын жалғастыратынын мәлімде



